Кепілдік мерзімі және қызмет мерзімі

Genesis автомобильдеріне кепілдік мерзімі, жекелеген құрамдас бөліктерді қоспағанда, Genesis автомобилін бірінші сатып алушыға сатқан (берген) сәттен бастап (яғни сервистік кітапшада көрсетілген кепілдіктің басталу күнінен бастап) қайсысы ертерек келетініне байланысты 5 жыл немесе 100 000 км құрайды.

Genesis автомобилінің қызмет мерзімі оны Дилер бірінші сатып алушыға сатқан (берген) сәттен бастап 6 жылды құрайды. Genesis автомобилінің қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін оны одан әрі пайдалану иесі сервистік кітапшада және пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес тұрақты техникалық қызмет көрсетуден өту туралы талаптарды сақтаған жағдайда мүмкін болады.

Жекелеген құрамдас бөліктерге кепілдік

Төменде тізімделген Genesis автомобилінің жекелеген құрамдас бөліктеріне автомобильді бірінші сатып алушыға сатқан (берген) сәттен бастап (яғни сервистік кітапшада көрсетілген кепілдіктің басталу күнінен бастап) кепілдік беріледі:

12 ай немесе 20 000 км жүріс, қайсысы ертерек болатынына байланысты:

  • тежегіш дискілері;
  • ауа баптау жүйесін салқындатқыш агентпен толтыру;
  • жетек белдіктері;
  • әр түрлі типтегі төсемдер (цилиндр блогы бастиегінің төсемінен басқа, әр түрлі типтегі майұстауыштар);
  • алдыңғы және артқы аспаның тұрақтандырғыш төлкелері;
  • есік саңылаулары мен жүк салу бөлімдерінің резеңке тығыздағыштары.

24 ай немесе 40 000 км жүріс, қайсысы ертерек болатынына байланысты:

  • Аккумулятор батареясы.

36 ай немесе 100 000 км жүріс, қайсысы ертерек болатынына байланысты:

  • өндіруші орнатқан аудио аппаратура.

Үшінші тарап жеткізушілерінің құрамдас бөліктеріне кепілдік

Genesis автомобильдерінің кейбір құрамдас бөліктеріне кепілдік осы құрамдас бөліктерді жеткізушілермен және олардың шарттарымен қамтамасыз етіледі. Сервистік кітапшада көрсетілген кепілдік шарттары мен кепілдік кезеңі осы құрамдас бөліктерге қатысты емес. Атап айтқанда, мұндай құрамдас бөліктерге мыналар жатады:

  • Бастапқыда автомобильге өндіруші орнатқан шиналар;
  • Өндірушінің бақылауымен орнатылған мультимедиялық және навигациялық жүйелер.

Лак-бояу жабынына кепілдік

Жаңа Genesis автомобильдердің лак-бояу жабынына кепілдік мерзімі сервистік кітапшада көрсетілген кепілдіктің басталу күнінен бастап 5 жыл немесе 100 мың км (қайсысы ертерек келетініне байланысты) құрайды.

Кепілдікпен қамтылмаған

Өндірушінің кепілдігі тек өндірістік сипаттағы ақаулармен шектеледі және келесі жағдайларға қолданылмайды:

  • Жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді орындау кезінде регламенттік жұмыстар, диагностикалық және реттеу жұмыстары, бір реттік элементтерді бұзу және басқа материалдарды шығындау;
  • Қалыпты пайдалану кезінде пайдаланылатын немесе тозуға және бұзылуға ұшырайтын шығыс және жағармай материалдары, өзге де элементтер:
    • барлық типтегі сүзгілер;
    • оталдыру білтесі;
    • тежегіш қалыптар;
    • шыны тазалағыш щеткалар;
    • иілгіш сақтандырғыштар;
    • қыздыру шамдары;
    • автомобильдің барлық жүйелеріне арналған майлар, сұйықтықтар және майлағыштар;
    • отын;
    • электрондық кілттердің (трансмиттерлердің) қуат элементтері.