ЖАҢАРТЫЛҒАН GENESIS G70-ТІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫМЕН ТАНЫСУДЫ ҰСЫНАМЫЗ

Жаңартылған G70-тің озық жүйелері кез келген сапарды динамикаға толы қызықты шытырман оқиғаға айналдырады.

ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР

ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР

Жолдағы жағдайды және жол төсемінің күйін алдын ала байқап отыратын озық белсенді қауіпсіздік жүйелерінің арқасында жаңартылған G70 өзіне динамика мен тұрақтылықты үйлестіре біріктіреді.

ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР

AWD+LSD кіріктірілген басқару жүйесі

AWD+LSD кіріктірілген басқару жүйесі

Айналдыру сәтін сол жақ және оң жақ дөңгелектердің арасында бөліп үлестіретін жоғары үйкеліс дифференциалымен (LSD) жұптасып толық жетек жүйесінің (AWD) жұмысын бақылайды.

Sport+ режимі

ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР

Sport+ режимі

Sport+ режимі динамикалық стильдегі әдеттегі жүрістен әлдеқайда асып түсетін мүмкіндіктер шегімен спорттық тректерден өтуге арналған. Режим G70 седанын барынша бақылауда ұстау үшін жүргізушінің қалауы бойынша іске қосылады.

ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР

BREMBO тежегіштері

Brembo жоғары технологиялық спорттық тежеу механизмдері GENESIS G70-тің динамикалық сипаттамаларына сәйкес келеді, нағыз спорт-седанның бейнесін толықтырады және тамаша тежелуді қамтамасыз етеді.*

Спорттық пакетпен бірге қол жетімді

ЭЛЕКТРОНДЫ БАСҚАРЫЛАТЫН АСПА

Амортизаторларды электронды басқаратын аспа жүрістің жатықтығы мен жайлылықтың мінсіз үйлестігін қамтамасыз етеді. COMFORT режимінде премиумдық седанның деңгейіне сәйкес жатық жүрісті қамтамасыз етеді. SPORT режимі динамикалық және сонымен бірге болжамды жүріске арналған. SPORT+ режимі автокөліктің жол төсемімен ажырамас байланысын кепілдендіреді.

img
img

ҚОЗҒАЛТҚЫШ

Genesis G70-тің жүрегі - максималды спорттық динамиканы кепілдендіретін керемет қуатты қозғалтқышы.

G70-гі қозғалтқыш

Турбоүрлемі бар 197 а.к. беретін 2.0 л бензинді қозғалтқыш

Төмен және орташа айналымдарда жұмыс істейтін TwinScroll турбокомпрессоры, газды үлестіру фазаларын үздіксіз реттейтін электронды жүйе және цилиндрлерді өшіру тұрақты белсенді функциясы тіпті төмен жылдамдықта жоғары айналдыру сәтін қамтамасыз етеді. Тамаша тарту күші мен салондағы тыныштықтың үйлесімі көлік жүргізуден максималды ләззат алуды кепілдендіреді.

Турбоүрлемі бар 247 а.к. беретін 2.0 л бензинді қозғалтқыш

Төмен және орташа айналымдарда жұмыс істейтін TwinScroll турбокомпрессоры, газды үлестіру фазаларын үздіксіз реттейтін электронды жүйе және цилиндрлерді өшіру тұрақты белсенді функциясы тіпті төмен жылдамдықта жоғары айналдыру сәтін қамтамасыз етеді. Тамаша тарту күші мен салондағы тыныштықтың үйлесімі көлік жүргізуден максималды ләззат алуды кепілдендіреді.

Турбоүрлемі бар 3.3 л бензинді қозғалтқыш

Ортаңғы фазаның ауасын алатын газды үлестіру фазаларын үздіксіз реттеу жүйесі және твин-турбо агрегаты кіріктірілген шығару бастиегімен және электронды термостатпен үйлестірілген және қуатты спорт-седанның бар қабілеті жететін ең таң қаларлық динамиканы қамтамасыз етеді.

img
img
img