Бензинді TAU V8 5.0 GDI

Үлкен жұмыстық көлемі және 6000 айн/мин мәнінде 413 а.к. тең максималды қуаты бар V8 қозғалтқышы Оның максималды айналдыру сәті 5000 айн/мин мәнінде 505 Nm-ді құрайды. Қозғалтқыш өте тыныш жұмыс істейді, әйтсе де тіпті төмен және орташа жылдамдықтарда айтарлықтай айналдыру сәтін дамытуға қабілетті.

Бензинді LAMBDA V6 3.3 T-GDI

Максималды қуат 6000 айн/мин мәнінде 370 а.к. құрайды, максималды айналдыру сәті - 1300~4500 айн./мин мәнінде 510 Nm. Қозғалтқыш екі турбокомпрессормен жабдықталған және үлкен айналдыру сәтін тез дамытуға қабілетті, сол арқылы қуатты екпіндеуді және жанармайдың тиімді шығынын қамтамасыз етеді.

Бензинді LAMBDA V6 3.8 GDI

Максималды қуат 6000 айн/мин мәнінде 309 а.к. құрайды. Максималды айналдыру сәті - 5000 айн/мин мәнінде 391 Nm. Бұл модификацияда динамика мен қуатты арасында оңтайлы тепе-теңдік табылған, бұл жылдамдықтардың бүкіл диапазонында қозғалтқыштың жоғары қайтарымдылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

img
img
img
HTRAC интеллектуалды толық жетек жүйесі

HTRAC интеллектуалды толық жетек жүйесі

Жүйе қозғалыс жылдамдығы мен жол төсемінің күйін салыстырады, айналдыру сәтін алдыңғы және артқы осьтердің арасында, сондай-ақ тежеу күшін сол жақ және оң жақ дөңгелектердің арасында үлестіреді. Осылайша ирелең және сырғанақ жолда басқару қауіпсіздігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.