GENESIS G80 өз бойында озық қауіпсіздік технологияларын сәнді әрі динамикалық дизайнмен үйлестіреді.

ӨЗІҢІЗГЕ ЖАҢА GENESIS G80-ДІ АШЫҢЫЗ

Дизайн

Экстерьер

Жаңа G80-дегі әрбір бөлшек сіз үшін нағыз жаңалыққа айналады. Бүйірлік қайталағыштардың толқыған сызықтары немесе стильді, динамикасымен жарқырап тұратын дөңгелек дискілері, төрт жарық көзі бар жоғары технологиялы алдыңғы фаралар немесе экстерьерге әдемі кіріккен артқы шамдар болса да. GENESIS G80 дизайнерлік және инженерлік шешімдерінің алуан түрлілігімен таң қалдыруын тоқтатпайды.

Дизайн

Интерьер

GENESIS G80-нің интерьері сізді сезімдердің бүкіл жиынтығын сезінуге мәжбүрлейді. Қолдарыңызбен ыңғайлы көп функциялы рульді қысқан кездегі толқытатын діріл мен күшті. Саусақтарыңыздың ұштарымен ең жаңа интеллектуалды жүйелерді басқару мүмкіндігін сезінген кездегі тамсануды. Әрлеу материалдарына бір көз тастағандағы ләззатты. Жұмсақ Nappa былғарысымен әрленген жайлы орындыққа жайғасқан кездегі жайбарақаттық пен тыныштықты. Және жаңа GENESIS G80-мен жол тартқан кезіңіздегі еркіндікті.

Қауіпсіздік

БЕТПЕ-БЕТ СОҚТЫҒЫСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҮЙЕСІ (FCA)

Алдыда жүріп бара жатқан көлік құралымен, жүріс бөлігінде күтпеген жерден пайда болған велосипедшімен немесе жаяу жүргіншімен соқтығысу қаупі туындаған жағдайда автоматты тежелу режимін қосады. Жол қиылысындағы маневр кезінде жүйе оң жақтан немесе сол жақтан әлеуетті қауіпті анықтаған жағдайда да шұғыл тежеу іске қосыла алады.

Технологиялар

Артқы орындықтардың жолаушыларына арналған экрандар

Алдыңғы орындықтардың арқалықтарына кең шолу бұрышы, жеке аудио- және бейнекірістері, сондай-ақ еңкею бұрышы реттелетін жеке 9,2 дюймдік сенсорлы экрандар орнатылған.

Өнімділік

ЖАҢА ПЛАТФОРМА

Аспаның жетілдірілген конструкциясымен бірге GENESIS шанағының онсыз да айрықша қаттылығын жоғарылатады. Мұның арқасында премиумдық седандар үшін бірегей жүріс қасиеттерінің теңгерімділігі қамтамасыз етіледі. Шанақ конструкциясын оңтайландыру және ыстықтай қалыпталған беріктігі жоғары болаттың қолданылуы салон кеңістігін үлкейтуге, автокөлік салмағын азайтуға, жанармай шығынын төмендетуге, сондай-ақ жайлылық пен қауіпсіздіктің аса жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

ҮҢІЛІП ҚАРАҢЫЗ

ҮҢІЛІП ҚАРАҢЫЗ

Оның дизайны GENESIS брендінің бейнесіне айналды. Стильдің керемет жиектемесіне салынған қолайлылық — GENESIS G80 дегеніміз осы.

Өз Genesis-іңізді жасап алыңыз

Қозғалтқыштың базалық жинақтамасына негізделе отырып, өз қажеттіліктеріңізге мінсіз сай келетін автокөліктің сыртқы түрін, интерьерін және әртүрлі қосымша функцияларын таңдай аласыз.