Жаңа GENESIS G80-нің динамикалық сипаттамаларымен танысуды ұсынамыз

Бет алған жолдағы кедергілерді анықтауға қабілетті интеллектуалды басқару технологияларының арқасында саяхатыңыз тыныштық пен жайлылық нышанымен өтеді.

Өнімділік

Өнімділік

Турбоқозғалтқыштың жаңа буынының шанақтың ойластырылған конструкциясымен үйлесімі автокөліктің қуаттылығы мен жолдағы тұрақтылығының арасында мінсіз теңгерімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Өнімділік

Өнімділік

Толық жетекті басқару

Жүйе жол төсемінің күйін автоматты түрде анықтайды. Дөңгелектер тайғанаған жағдайда айналдыру сәті алдыңғы және артқы осьтердің арасында қайта үлестіріледі, бұл күрделі жол жағдайларында автокөлікті тұрақтандыруға көмектеседі.

Шанақтың жаңа платформасы

Шанақ

Шанақтың жаңа платформасы

Аспаның жетілдірілген конструкциясымен бірге GENESIS шанағының онсыз да айрықша қаттылығын жоғарылатады. Мұның арқасында премиумдық седандар үшін бірегей жүріс қасиеттерінің теңгерімділігі қамтамасыз етіледі. Шанақ конструкциясын оңтайландыру және ыстықтай қалыпталған беріктігі жоғары болаттың қолданылуы салон кеңістігін үлкейтуге, автокөлік салмағын азайтуға, жанармай шығынын төмендетуге, сондай-ақ жайлылық пен қауіпсіздіктің аса жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Шанақ

Автокөлік шанағының салмағының азайтылуы

Бұған шанақтың негізгі бөліктерінде жеңіл материалдарды қолданудың, сондай-ақ конструкцияны оңтайландырудың және беріктігі жоғары болатты қолданудың есебінен қол жеткізілді.

Аспа

Электронды басқарылатын және Road Preview функциясы бар аспа

Электронды басқару жүйесі алдыңғы камерадан келіп түскен жол күйі туралы деректерді талдайды және аспаның қаттылығын кедір-бұдырларға, соның ішінде жылдамдық бәсеңдеткіштен өткен кезде бейімдейді. Осының арқасында жүрістің айрықша жатықтығына және барлық жолаушылар үшін жоғары жайлылық деңгейіне қол жеткізіледі.

Қозғалтқыш

Динамика — бұл тек қуат пен жылдамдық қана емес, бұл сондай-ақ бақылау мүмкіндігі.

G80 ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫ

Бензинді турбоқозғалтқыш 2,5 л

GENESIS брендінің соңғы әзірлемелерінің бірі — жетілдірілген салқындату және жанармай бүрку жүйесі бар турбоқозғалтқыштың жаңа буыны. Жүргізу стиліне қарамастан тамаша динамиканы және үнемді жанармай шығынын қамтамасыз етеді.

Бензинді турбоқозғалтқыш 3,5 л

Жетілдірілген бүрку жүйесі жанармай қоспасының жақсырақ жануын қамтамасыз етеді және үнемділікті жоғарылатады. Жақсартылған интеркулерлер жүргізуді ерекше өткірлікке және тактильділікке толтыра отырып, қозғалтқышты әлдеқайда елгезек етеді.

img
img