Жаңа Genesis G80-нің қауіпсіздік жүйелерімен танысуды ұсынамыз

Ең озық технологиялармен жабдықталған GENESIS G80 сіздің көлік тізгініндегі тыныштығыңыз бен амандығыңызды өз қамқорлығына алады.

Қауіпсіздік

Қауіпсіздік

Қауіпсіздік — бұл тек қорғай білу ғана емес, қауіптен сақтану қабілеті де. Жаңа GENESIS G80-нің технологиялық дамуының кешенді тәсілі осы екі принципке құрылады.

Қауіпсіздік

Қауіпсіздік жүйелері

10 қауіпсіздік жастығы бар жүйе

Белсенді қауіпсіздік жүйесі жүргізуші мен алдыңғы орындықтағы жолаушыны бүйірден тиген соққыдан қорғауға арналған ортаңғы бүйірлік қауіпсіздік жастығын қамтиды. Жетілдірілген қауіпсіздік жастықтары соққы күшін анықтағаннан кейін, сондай-ақ салон ішінде отырған жолаушылардың санына байланысты іске қосылады. Алдыңғы және артқы бүйірлік қауіпсіздік жастықтары мен жүргізушінің тізесіне арналған қауіпсіздік жастығы барлық жағынан сенімді қорғанышты қамтамасыз етеді.

Жарықты басқару интеллектуалды жүйесі (IFS)

Қауіпсіздік жүйелері

Жарықты басқару интеллектуалды жүйесі (IFS)

Бағыттас немесе қарсы бағытта жүріп келе жатқан автокөліктердің жүргізушілерінің көздерін қарықтыруға жол бермей, шалғай жарық фараларындағы шамдардың бір бөлігін автоматты түрде қосады және өшіреді. Функция шалғай және таяу жарықты қолмен ауыстырып қосу қажеттігінен құтқарады.

Қауіпсіздік жүйелері

Ол байқайды, сезеді, ескертеді. Себебі қауіпсіздік — бұл тек қорғай білу ғана емес, қауіптен сақтану қабілеті де.

Қауіпсіздік жүйелері

1 Автокөліктен қауіпсіз шығу жүйесі (SEA)

Артқы есіктерді ашқан кезде артқы жақтан көлік құралының жақындап келе жатқаны туралы ескертеді. Қауіп көзі қауіпсіз қашықтыққа дейін ұзамайынша артқы есіктердің құлпының ашылуына автоматты түрде тосқауыл қояды.

2 Артқы жүріспен жүрген кездегі соқтығысудың алдын алу жүйесі (PCA)

Егер артқы жүріспен жүрген кезде жаяу жүргіншіні басып кету немесе өтіп бара жатқан көлік құралымен соқтығысу қаупі туындаса, жүргізушіге ескертеді. Егер ескертуден кейін қауіп сақталса — автоматты тежелу режимі қосылады.

img
img

Қауіпсіздік жүйелері

Көзден таса аймақтарды бақылау жүйесі (BCA)

Бұрылыс көрсеткіші қосулы күйде қозғалыс жолағын ауыстыру кезінде, сондай-ақ тұрақтан шыққан кезде жүргізушіге артқы жақтан немесе бүйірден жоғары жылдамдықпен жақындап келе жатқан көлік құралы туралы ескертеді. Егер ескертуден кейін соқтығысу қаупі сақтала берсе, автоматты тежелу режимі қосылады.

Бүйірден соқтығысудың алдын алу жүйесі (RCCA)

Артқы жүріспен жүрген кезде жүргізушіге оң немесе сол жақтағы қауіп туралы ескертеді.

Бетпе-бет соқтығысудың алдын алу

Жол қиылысында бұрылу

Жүргізуші жол қиылысында солға қарай бұруға әрекет жасаған кезде қарсы жолақта қарсы келе жатқан автокөлік анықталатын болса, жүйе автоматты түрде тежейді.

Жол қиылысынан өту

Автокөлік жол қиылысынан өтіп бара жатқан көлік құралын анықтаған кезде автоматты түрде тежеледі.

Жолақты ауыстыру

Бұрылыс көрсеткіші қосулы күйде қозғалыс жолағын ауыстыру кезінде, сондай-ақ тұрақ орнынан шыққанда егер артқы жақта немесе бүйірде жоғары жылдамдықпен жақындап келе жатқан көлік құралы анықталса, соқтығысудан сақтануға көмектеседі.

Рульді қосымша бұру

Қозғалыс жолағында көлік құралымен, жаяу жүргіншімен немесе велосипедшімен соқтығысу қаупі болған кезде рульді қосымша бұрудың көмегімен соқтығысудың алдын алуға көмектесу үшін датчиктерден алынған ақпаратты талдау.

Жүргізу технологиясы

Тас жолда жүріп бара жатқаныңызға, қозғалыс жолағын ауыстырып жатқаныңызға немесе жол қиылысына шығып бара жатқаныңызға қарамастан G80-ді жүргізудің таң қаларлық технологияларын байқап көресіз.