Өнімділік

GENESIS GV80 — бұл премиумды сырбаз спорттық кроссоверді басқарудан алатын керемет сезімдер. Сізді жайлылық, өте жақсы жүргізу теңгерімі және өнімділігі жоғары қозғалтқыштың алып қуатын толық бақылау күтеді.

Өнімділік

Өнімділік

GV80 өзінің теңгерілген және күшті сипаттамаларының арқасында жүргізуден шексіз рахаттану сезімін бере отырып, шексіз сапарларға жол ашады.

Өнімділік

Өнімділік

Жолсыз жермен жүру режимі

Жүргізуші өзінің жеке қалаулары немесе жолдағы жағдайлар бойынша Comfort, Eco, Sport немесе Custom режимдерінің арасында ауыстырып қоса алады. Сондай-ақ әртүрлі жабындармен жүрген кезде таңдалған опцияға байланысты дөңгелектердің арасында қуатты үлестіру жолымен жүргізушіге көмектесуі тиіс «батпақ», «құм», «қар» режимдері таңдауға қолжетімді.

Электронды басқарылатын және жолдың кедір-бұдырын тану функциясы бар аспа

Аспа

Электронды басқарылатын және жолдың кедір-бұдырын тану функциясы бар аспа

Бұл жүйе алдыңғы камера арқылы жол бетінің күйін таниды. Нақты жағдайларға сәйкес оңтайландыру үшін аспаны бақылау автоматты түрде орын алады және максималды жайлылық пен жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жаңа технологиялар

Жол шуылын белсенді басу жүйесі

Бұл жүйе жолмен жанасқан кездегі шиналардың дірілін, салондағы шуыл деңгейін есепке алады және автокөліктің динамиктері арқылы қарсы фазалы жауап дыбыс толқындарын жасап шығарады, осылайша шуылды барынша азайтады және толық тыныштықты қамтамасыз етеді.

Өнімділік

Толық жетек жүйесі

Қуат жолмен немесе жолсызбен жүру жағдайларына сәйкес оңтайлы үлестіріледі. Қуатты алдыңғы және артқы дөңгелектердің арасында үлестіру үшін толық жетек жүйесі жылдамдықты және жол жағдайларын қадағалап отырады. e-LSD механизмі қуатты артқы сол жақ және оң жақ дөңгелектердің арасында үлестіреді, тегіс емес жолмен жүрген кезде тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Жаңа платформа

GV80 аспаның жаңа конструкциясын қамтитын оңтайландырылған платформа қолданады, бұл керемет жүру қасиеттерін қамтамасыз етеді. Жеңіл материалдардың қолданылуы және шанақтың күшейтілген қаттылығы технологиялық кемелдікті анықтайды. Салмақты азайту мақсатында есіктер, капот және жүксалғыш қақпағы алюминийден жасалған. Қауіпсіздік —нөмірі бірінші басымдық. Теңдесі жоқ қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін шанақтың деформациялық беріктігі айтарлықтай күшейтілді. Ыстықтай қалыпталған бөлшектер кабинаның анағұрлым ендірек аймағында қолданылады, бұл жолаушылардың қауіпсіздігін арттырады.

img
img

GV80 қозғалтқышы

Сумен салқындататын интеркулер мен қосарлы бүрку жүйесі қозғалтқыштың өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Ал бүрку бүріккіштерінің орталық орналасуы жанармайдың жану жылдамдығын арттырудың есебінен жанармай үнемділігін және жану тұрақтылығын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сумен салқындататын интеркулер мен қосарлы бүрку жүйесі қозғалтқыштың өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Ал бүрку бүріккіштерінің орталық орналасуы жанармайдың жану жылдамдығын арттырудың есебінен жанармай үнемділігін және жану тұрақтылығын жақсартуға мүмкіндік береді.