GV80 технологиялары

Озық функцияларының көптігінің арқасында Genesis GV80 премиумның жағымды сезімдерін қамтамасыз етеді.

Технологиялар

Технологиялар

Жол талғамайтын көліктер ерекше өмір салтын жүргізетіндерге арналып жасалған. Міне, сондықтан GV80-ге жүргізушіге әртүрлі жағдайларда көмектесетін озық технологиялық функциялар кіріктірілген.

Технологиялар

Сізбен байланыста

1 14,5 ақпараттық-ойын-сауық жүйесі

Интуитивті интерфейсі және ыңғайлы функциялардың ауқымды спектрі бар 14,5 дюймдік ақпараттық-ойын-сауық жүйесі.

2 Жолсыз жермен жүру режимін таңдау

Жүргізуші өзінің жеке қалаулары немесе жолдағы жағдайлар бойынша Comfort, Eco, Sport немесе Custom режимдерінің арасында ауыстырып қоса алады. Сондай-ақ әртүрлі жабындармен жүрген кезде таңдалған опцияға байланысты дөңгелектердің арасында қуатты үлестіру жолымен жүргізушіге көмектесуі тиіс «батпақ», «құм», «қар» режимдері таңдауға қолжетімді. Таңдалған жүргізу режимдері аспаптар тақтасында және мультимедиа жүйесінің экранында көрсетіледі.

img
img
Айнала шолу жүйесі

Интерьер

Айнала шолу жүйесі

Автокөліктің периметрі бойынша орналасқан 4 камера анағұрлым қауіпсіз тұраққа кіру үшін жүргізушіге 360 градустық үш өлшемді айнала шолуды ұсынады.

Ыңғайлылық пен жайлылық

1 GENESIS сенсорлық контроллері

Пернетақтадан машақатпен енгізудің орнына қолмен жазылған мәтінді тану функциясы бар сенсорлық контроллер навигациялық ақпараттың бапталуы мен енгізілуін жеңілдетеді және тездетеді.

2 Автоматты түрде тұраққа қою жүйесі

Бұл жүйе тұрақ орнын анықтайды, және жүргізушіге тұраққа кіруге немесе тұрақ орнынан шығуға көмектесу үшін автоматты түрде рульді, қозғалыс жылдамдығын және берілістердің ауыстырылуын басқарады. Smart key кілтінің көмегімен жүйе жүргізушіге автокөліктің жанында тұрын оны автоматты түрде қашықтан тұраққа қоюға мүмкіндік береді.

img
img

Отбасына арналған

Жақындарыңызға екінші қатар орындықтарының ыңғайлылығы ұнайтын болады.

Отбасына арналған
Отбасына арналған

Асқан жайлылық

Климат-контрольді басқару сенсорлық панелі

1-ші және 2-ші қатар орындықтарына арналған климат-контрольді басқаруды бір-ақ рет түртіп жеңіл ауыстыруға болады. Климат-контрольді басқару сенсорлық панелі кондиционер жүйесінің баптауларын жеңіл түрту арқылы реттеуге мүмкіндік береді.

Жолаушыларға

Артқы есіктердің әйнектеріндегі электржетекті перделер

Ыңғайлырақ жайғасыңыз және бүйірлік терезелердегі реттелетін перделермен толықтай оңашаланудан ләззат алыңыз. Ұзақ саяхаттар мен қала ішіндегі бейбіт серуендерге мінсіз сай келеді.

Электржетегі және желдеткіші бар екінші қатар орындықтары

Реттеу функциялары электржетегі бар екінші қатар орындықтарында да жұмыс істейді (жылжыту және арқалығын еңкейту үшін). «Бір рет түртіп демалу» режимі екінші қатар жолаушыларын премиумдық өкілдік седанның жайлылық деңгейінен ләззат алуын қамтамасыз етеді. Сонымен қоса жүргізуші автокөліктен шықпай-ақ мультимедиа жүйесінің экранының көмегімен екінші қатар орындықтарын реттей, сондай-ақ екінші қатарды жинай алады.

img
img

Интерьер

Lexicon 18 акустикалық жүйесі (QuantumLogic Surround)

QuantumLogic Surround жүйесі дыбыс шығарудың теңдесі жоқ тазалығын, көлемін және көп өлшемділік әсерін қамтамасыз етеді.